Қазақстан Республикасындағы педагогтерді аттестаттаудан өткізудегі өзгерістер: негізгі жаңалықтар мен үдерістің ашықтығы

07.10.2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына бірқатар елеулі өзгерістер енгізді. Жаңартылған форматтың басты мақсаты — мұғалімдерге түсетін бюрократиялық жүктемені азайту, портфолионы бағалау кезінде адам факторын жою және біліктілік санаттарын беру үдерісін барынша ашық ету.

«Педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» және «педагог-шебер» санаттарын беру және растау стандарттары жаңартылды. Әрбір санат үшін әдістемелік жұмысқа, тәжірибе бөлісуге және оқушылардың олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысу нәтижелеріне бағытталған ашық критерийлер жазылған.

Аттестаттау қағидаларын жаңарту қазақстандық мұғалімдерге қолдау көрсететін орта қалыптастыруға бағытталған, бұл оларға басты міндет — балаларға сапалы білім мен тербие беруге көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Бұйрықпен және қағидалармен толығырақ төмендегі сілтеме арқылы өтіп таныса аласыздар

http://sc0011.stepnogorsk.aqmoedu.kz/content/prikaz-ob-utverghdenii-pravil-i-usloviy-preovedeniya-attestacii-pedago

Просмотров: 878

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу